» » Мектеп түлектері тарих пәнінен емтиханды ауызша тапсырады

Мектеп түлектері тарих пәнінен емтиханды ауызша тапсырады

Биыл мектеп түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.
Биыл мектепті 155 мыңнан астам түлек бітіреді, 9-сыныпта 267 мыңнан астам оқушы оқиды. 9-сыныпқа арналған қорытынды емтихандар 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Олар төрт пән бойынша сынақтан өтеді.
11-сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. 11-сынып түлектері бес емтихан тапсыруы керек. Биыл Қазақстан тарихы бойынша емтихан ауызша өтеді. Әр билетте үш сұрақ беріледі. Ең жоғары ұпай – 30.
Спикердің айтуынша, соңғы қоңырау биыл 25 мамырда, аттестатты салтанатты тапсыру – 16-17 маусымда өтеді. Рәсім мектеп қабырғасында болады.
Гүлмира Кәрімова мектеп бітіру салтанатына аниматорларды, мерекелік агенттіктерді тартуға жол берілмейтінін айтты. Сондай-ақ, мерекелік үстел ұйымдастыруға, жалға берілетін автомобильмен экскурсия жасауға тыйым салынғанын атап өтті. Әкімшілік пен мұғалімдерге сыйлық үшін ақша жинауға, мейрамхана мен дәмханаларда кеш ұйымдастыруға да тыйым салынады.
07 мамыр 2022 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 337
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930