» » Қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанда қандай форматта оқиды?

Қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанда қандай форматта оқиды?

Білім және ғылым министрлігі III оқу тоқсанына қатысты ресми ақпарат таратты


Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, III тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Бірақ республикалық маңызы бар үш қаланың оқушылары әзірше онлайн режимде білім алады.
"Бүгін, 17 қаңтарда үшінші оқу тоқсаны басталды. Бұл тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Санитарлық дәрігелердің шешім бойынша үш қала – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте қашықтан оқыту форматы болады. Қазіргі кезде барлық техникалық құрал-жабдық таратылды. Ал басқа өңірлерде бір мектепте 600-ден астам оқушы болса, олар да онлайн режимде оқиды. Бірақ 1-2 сынып оқушылары штаттық форматта білім алады. 3-5 сынып оқушылары үшін кезекші топтар ұйымдастырылады", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Ауылдың оқушылары бұрынғыдай мектепке барып оқиды. Барлық балабақша да штаттық режимде жұмыс істейді.
Жалпы, республика бойынша 2 миллионнан астам оқушы (60 процент) дәстүрлі форматта білім алса, 1,5 миллионға жуық бала (40 процент) қашықтан оқиды. 
17 қаңтар 2022 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 220
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031