» » Коронавирус өршуде: Қазақстандық студенттер келесі семестр қалай оқиды?

Коронавирус өршуде: Қазақстандық студенттер келесі семестр қалай оқиды?

Елде эпиджағдайдың нашарлауына байланысты колледж және ЖОО студенттерінің оқу форматы өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Бүгінде елімізде 120 жоғары оқу орны бар. Білім алушылардың жалпы контингенті 620 мыңнан астам адамды құрайды. Жоғары оқу орындарында көктемгі семестр 24 қаңтарда басталады. Бұл ретте жоғары оқу орындары каскадтық әдісті қолдана алады. Яғни студенттердің шоғырлануын барынша азайту үшін білім беру процесін оқу курсы мен бағыттарына байланысты 24 қаңтар мен 6 ақпан аралығында кезең-кезеңімен ұйымдастыруға болады. Мысалы, 1 курс студенттері үшін оқу 24 қаңтарда басталса, 2 курс студенттері 31 қаңтардан, 3-4 курс студенттері үшін 7 ақпаннан бастап деген секілді", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, студенттер үшін көктемгі семестр аралас форматта болады. Яғни, дәстүрлі және қашықтан.
"Жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін. Айтар болсақ, дәрістер онлайн, ал практикалық және семинар, зертханалық сабақтарды офлайн режимде өткізуге болады. Студенттердің практикасын да дәстүрлі форматта ұйымдастыруға болады", - дейді ол.
Бұған дейін департамент басшысы студенттер елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты ма деген сұраққа жауап берген болатын. 
17 қаңтар 2022 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 513
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 315

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930