» » Оқушылар негізгі пәндерді дәстүрлі форматта оқиды

Оқушылар негізгі пәндерді дәстүрлі форматта оқиды


Соңғы қаулыға сәйкес өңірдегі жалпы білім беретін мектептердегі барлық сынып оқушылары төртінші тоқсанды аралас форматта оқиды. Яғни, негізгі пәндерді дәстүрлі, қалған пәндерді қашықтан оқуға мүмкіндік жасалған. Мәселен, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері пәндерін оқушылар қашықтан оқи алады. Айта кетерлігі, жекелеген пәндерді қашықтан оқыту мәселесін әр мектеп өзі дербес айқындайтын болады.

– Инфекцияның таралу қауіпін азайту мақсатында дәстүрлі түрде білім алатын оқушылар 5 сатыдан тұратын дезинфекциядан өтеді. Бүгінде барлық мектептерге дезинфекциялық құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, мектепке ата-аналардың кіруіне де тиым салынды. Яғни, бастауыш сыныпта оқитын балалардың ата-аналары енді балаларын мектептің алдында мұғалімдерге табыстайды. Оқушылар дезинфекциялық туннелден өтіп барып ғана мектепке кіреді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Жаңа тоқсанда мектеп формасына қатысты қатаң талап болмайды. Яғни, оқушылар ыңғайлы әрі қолжетімді формада мектепке кіре алады. Сабақ уақыты 40 минут болып бекітілді. Атап өтерлік тағы бір жайт, енді аудан, қала мектептерінде асханалар жұмыс істейді. Алайда асхананың толтырылуы тамақтану залының 30 пайызынан аспауы тиіс.

30 наурыз 2021 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031