» » Елімізде бірыңғай сынып сағаты өтеді

Елімізде бірыңғай сынып сағаты өтеді


21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантин шаралары кезінде білім алушыларды оқыту форматымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады», делінген хабарламада.

Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді: Карантин кезіндегі оқыту форматтары; қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет платформаның мүмкіндігімен танысу; мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік); жаңа оқу жылында бағалау жүйесі; интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.

21 тамыз 2020 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 300
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 176

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031