» » ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі тағайындалды

ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі тағайындалды


Қалымбетов Жеткерген Қайыржанұлы 2024 жылғы 20 мамырдағы Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес ІІІ Интернационал ауылдық округінің сайланған әкімі ретінде тіркелді.

Жеткерген Қайыржанұлы 1984 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

2006 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2007 жылы Арал ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастыру-құқық және өндіріп алу бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2007-2008 жылдары Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы.

2008-2010 жылдары аралығында Қармақшы ауданы бойынша салық комиетінің салықтық тіркеу, салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің жетекші маманы.

2010-2011 жылдары Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының ақпараттық технологиялар және салық төлемгерлерімен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекші маманы.

2010-2011 жылдары Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы.

2011-2013 жылдары аралығында Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданы әділет басқармасының бас маманы және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ-на мониторинг бөлімінің бас маманы.

2013-2015 жылдары аралығында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы.

2015-2020 жылдары аралығында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.

2020 жылдан бастап Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

22 мамыр 2024 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (10341)

24 қыркүйек 2024 ж.

№75 (10340)

21 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 983

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30