» » Иіркөл ауылдық округінің әкімі сайланды

Иіркөл ауылдық округінің әкімі сайланды

Төлегенов Жағыпар Иіркөл ауылдық округінің әкімі ретінде сайланды. Сайлауға «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

Жағыпар Асанұлы 1965 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Алғаш еңбек жолын 1982-1983 жылдары «Октябрь» совхозында, қазіргі Иіркөл ауылдық округінде құрылыс бригадасында жұмысшы болып бастаған.

1991-1992 жылдары – Қармақшы агроөндірістік бірлестігінде аға зоотехник, сауда және коммерциялық жұмыс жөнінде маманы, 1993-1996 жылдары – Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының жоспарлау, талдау жөніндегі бас маманы, 2003-2004 жылдары – №121 қазақ орта мектебінде жұмысшы, 2006-2007 жылдары – Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде нұсқаушы, 2007-2010 жылдары – Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман, 2010 жылы – Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, 2011 жылы – «Қармақшыветсервис» ЖШС-де мал дәрігері, 2012-2015 жылдары – Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы, 2015-2016 жылдары – Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру секторының бас маманы, 2016-2017 жылдары – Қармақшы аудандық ветеринария бөлімінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі, 2017-2018 жылдары – Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2018-2020 жылдары – Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметінде болды.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Иіркөл ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келді.

29 ақпан 2024 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031