» » Облыс әкімінің орынбасары Қармақшы ауданында болды

Облыс әкімінің орынбасары Қармақшы ауданында болды


Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жаханов Бахыт Дүйсенұлы Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Жандос Еркінбекпен бірге бір қатар құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен, облыс әкімінің орынбасары Төретам кентін табиғи газға қосу жұмыстарының барысын көрді. Жауапты сала басшыларына қысқа мерзім ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтап, көгілдір отынды ел игілігіне беруді тапсырды.

Одан соң, Ақай ауылдық округіндегі құрылысы жүріп жатқан дене шынықтыру — сауықтыру кешеніне барып, жауапты мердігермен кездесті. Мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы етіп жасап, қысқа мерзімде аяқтау қажет екендігін ескертті.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын қадағалады. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 372,6 шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысын саралаған облыс әкімінің орынбасары тиісті сала басшыларына пәтерлерді уақытында аяқтап, халық игілігіне беру үшін жұмысты сапалы орындау керектігін қаперге салды.

01 мамыр 2024 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 773
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930