» » Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Елдегі су тасқынымен күрес әлі де тоқтаған жоқ. Жайыққа құйылған көп мөлшердегі су ернеуінен тасып, айналасындағы елді мекенге залалын еселеп келтіруде. Үйлерін амалсыздан тастаған қара халық бүгінде баспана мен басқа да көмекке мұқтаж. Ел өңірінде орын алып жатқан төтенше жағдайға өзге аймақтағы ел-жұрт бейжай қарамай, қолдан келгенше болысып жатыр.
Тасқын су басталғалы ауданымыздан гуманитарлық көмек Батыс аймаққа жиі ұйымдастырылды. Қайырымды іске атсалысқан аудан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол болып барын берді. Жақында тағы ел ағалары сауапты іс жасап, өзгелерге үлгі болды. Ерболат Ұзақбаев, Алмасбек Қаржаубаев, Уақытбек Сұңғатов, Мұқан Алмағамбетов, Самат Көмекбаев, Қанибек Молдабаев бастаған үлкендеріміз су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының халқына қаржылай көмектесті.
– Елде орын алып жатқан апат барлығымызды жайсыз қалдырмады. Тілсіз жау қаншама үйге, шаруаға, малға, техникаға шығын келтіруде. Батыс аймақтағы ағайын бауырларымызға ең бастысы сабыр тілейміз. Әрине, оңай емес. «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген. Бүгінде су тасқыны орын алған өңірге жан-жақтан көмектер барып жатыр. Біз де осы іске ағайындар бас қосып, өз тарапымыздан Ақтөбе облысындағы Нұра елді мекенінің халқына 2,5 миллион теңге қаржы жинап, қол ұшын создық. Арамыздан төрт кісі сол жаққа барып, елдің ахуалын көріп қайтты. Бәрінен бұрын халқымызға Құдай жар болсын, деп тілектестік білдіреміз, – деді Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
30 сәуір 2024 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930