» » Қостанайға көмек жөнелтілді

Қостанайға көмек жөнелтілді

АЛАШТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТОЙЫ ДҮБІР ҚАҒАР ТҰСТА, ҚОСТАНАЙЛЫҚ АҒАЙЫНДЫ ҚОС БҮЙІРДЕН ӨРТ ҚЫСТЫ. "АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ" ДЕГЕН ДЕ ОСЫ БОЛАР. ОТҚА ОРАНҒАН ОРМАН МЕН ҚЫЗУЫ БАСЫЛМАҒАН ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН БАРША ҚАЗАҚ ЕЛІН АБДЫРАТТЫ.
Ресми деректерге сүйенсек, өрт аумағы 43 мың гектардан асқан. Ал, жалпы орман алқабының аумағы – 107 257 гектарды құрайды. Жалын жартысын шарпыған. Мұнымен қоса, ауылдағы ағайынды да қызыл жалын айналып өтпеді. Екі мыңға жуық адам эвакуацияланып, жүзге жуық үй түгелдей жанып кетті. Оңай емес, әрине. Тек осындай сәтте көңілге демеу болатыны, Қостанай халқына еліміз жұмыла кірісіп, қолдау көрсетуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайылап Қостанай облысына барып, өрт жалмаған Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты. Сондай-ақ Президент өңір халқымен кездесіп, бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып беретінін жеткізді.
Осы орайда аудан халқы да отқа оранған Қостанай халқына қолдау көрсету үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білді.
– Аталған жағдай бойынша хабар берілгеннен бастап «AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанында гуманитарлық көмекті қабылдау пункті ашылып, өз жұмысын бастады. Қабылдау пунктіне заттай және қаржылай көмектер беріліп, азық-түлік, киім-кешек және тағы да басқа тұрмысқа қажетті тұтыну заттары алынды. Қайырымдылық – ізгі іс. Қайырын өзің көресің. Әсілінде, қайырымдылық жасау – қанымызда бар қасиет. Ол ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қайырымы кең қазақ кімге болсын көмек қолын ұсынуға дайын. Бауырмалдық та осы. Қысылтаяң кездері халықтың бірлігі мен ынтымағы шыңдала түседі. Бұл сәтте ешкім бей-жәй қалмау керек деп есептеймін. Көмек үлкен, кіші деп бөлінбейді. Көмектің бәрі қажет. Қиындық бөліскенде ғана азаяды. Мұндай қиындықтарда тұрмыстық түйткілдердің тумауы тағы да мүмкін емес. Ал оның бәрін жеңетін бірлік пен ауызбіршілік, – дейді «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дастан Буханов.
Аудан халқынан жиналған қаржылай және материалдық көмек облыс орталығында еріктілердің көмегімен жинақталған гуманитарлық көмек жүк машинасына тиеліп, Қостанай өңіріне жіберілді.
Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің тұрғындары да қиын жағдайда қалған Қостанай халқына көмек қолын созды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы «Қостанай облысындағы орман өртін, ондағы халықтың қиын жағдайын Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің жұртшылығы ауыр күйзеліспен қабылдады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, өрттен жапа шеккендердің қиын жағдайына бей-жай қарамай, олардың қалыпты өмірге жақын күндері қолжеткізуіне байқоңырлықтар, Төретам және Ақай тұрғындары барынша жәрдем беріп жатыр. Осы тұста, «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созу үшін жедел іске кірісті. Партияның Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен қостанайлықтарға көмек көрсету мақсатында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы гуманитарлық көмек қабылдау орталығына ең қажетті заттар жеткізілді. «Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Мұндай жағдай кез келген елде, кез келген өңірде орын алуы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созу адамгершіліктің ғажап үлгісі, ұлттық дәстүріміз арқылы біздің сүйегімізге сіңген қасиет» дейді Мақсат Есбенбетов.
Қармақшылықтардың бұл бағыттағы игі ісі әлі де өз жалғасын тауып, алдағы уақытта да көмек жіберіле бермек. Осы бағыттағы жұмыстар партияның бақылауында болмақ.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
10 қыркүйек 2022 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930