Конституция
» » Калифорнияда орман отқа оранды

Калифорнияда орман отқа оранды

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті дес бермей тұр. Тілсіз жау 1200 гектардан аса аймақты шарпып, жақын жердегі елді мекендер мен фермаларға қауіп төндіріп тұр. Әсіресе Сакраменто қаласына жақын Көктем жазығында от қаулап барады. Ал аптап пен күшті жел өрттің тез таралуына себеп. Клирлейк-Окс елді мекенінен басталған жалын 12 нысанды күйретті. «Тағы 600-дей ғимаратты от шарпуы мүмкін», – дейді мамандар. Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық берді. «3 мыңға жуық тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болады», – деп хабарлады Рейтер агенттігі. Өртті сөндіруге 230-дан аса құтқарушы, тікұшақтар мен бульдозерлер жұмылдырылған. Калифорния штатының кейбір округтарында төтенше жағдай жарияланды.

26 маусым 2018 ж. 1 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031