» » Мобильді аударымдар бойынша салықтық бақылау қалай жүргізіледі?

Мобильді аударымдар бойынша салықтық бақылау қалай жүргізіледі?

Kyzylorda-news.kz Мобильді аударымдар жеке тұлғалар арасында өзінің жеке мақсаттары үшін қолма-қолсыз ақша аударымдарын жасауға арналған және оған салық салынбайды.
Мобилді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Мәселен, 2022 жылы кәсіпкерлік мақсаттар үшін мобильді аударымдардың белгілері анықталды.
Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобилді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.
Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобилді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес түрлі төлем тәсілдері қарастырылған – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап).
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы).
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдау кезінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде оларды сату бағасынан аспайтын баға бойынша сатуды жүзеге асыруға міндетті (Заңның 40-бабы).
13 сәуір 2024 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930