» » Бақылау шаралары жасырын кәсіпкерлерді анықтауға арналған

Бақылау шаралары жасырын кәсіпкерлерді анықтауға арналған

Мобильді аударымдарды бақылау - жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға арналған. Сәйкесінше, жасырын кәсіпкерлер анықталған жағдайда оларға салық салынатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков мәлімдеді.
- Биылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Бұл мәліметтің барлығы жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңі өткеннен кейін ғана анықталып отырады. Яғни, күнтізбелік 3 ай қатарынан ай сайын әр түрлі 100 тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Айта кету керек, камералдық бақылау жүргізу арқылы тек кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда ғана аударымдар тексеріледі. Сонымен қатар, тұтынушы қандайда бір төлем түрімен аударым жасағысы келсе, жеке кәсіпкер оны қабылдауға міндетті. Ал, тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етсе, бұл бағыттағы кәсіпкерлердің әрекеті заңсыз болып есептеледі. Өйткені, бұл тұтынушының құқығын бұзу болып саналады. Кәсіпкерлер төлем карталарын қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші ретке «ескерту» жасалады, ал егер мұндай жағдай 1 жылдың ішінде тағы қайталанса -147 680 теңге (40АЕК) көлемінде айыппұл салу көзделген, - деді Еркін Кеңесбекұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
31 қаңтар 2024 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031