» » Мобильді аударм: Заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығаруға бағытталған

Мобильді аударм: Заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығаруға бағытталған

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері мобильді аударымдар мен оларды тексеру мәселесі халық арасында кеңінен қозғалып жүр. Көптеген кәсіп иелері тұтынушылардан қолма - қол ақша талап етуге көшті. Тұрғындарды мазалаған мәселеге қатысты бүгін партия алаңында тиісті сала мамандарымен жиын өтіп, мәселе жан – жақты талқыланды.
Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен өткен жиынға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков, осы департаменттің түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлсара Қарымсақова, «Халық банк» өкілі Жұмагүл Оспанова, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Ляззат Темірова, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының аға прокуроры Ғалымжан Тілеужан, партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, «Қызылорда облысы тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Серік Теңізбаев, облыстық, қалалық мәслихаттағы фракция мүшелері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында кімнің шоттары тексерілуге жататынын және олар үшін қандай критерийлер белгіленгені жөнінде мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков хабарлама жасады.
Департамент басшысы орынбасарының айтуынша бұл тексерулер белгілі бір критерийлерге сай келетін тұлғаларға ғана қолданылады. Мұны банктер анықтап береді. Яғни тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Нақтырақ айтқанда, кәсіпкерлік қызмет белгілері болған жағдайда ғана тексеріледі.
Мобильді аудармаларды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығаруға бағытталған. Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады дейді мамандар.
Бұл шаралар жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді, әсіресе жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы төлем алатындарды анықтауға бағытталған. Сол үшін кәсіпкерлерге төлемді арнайы бизнес-шоттарға қабылдау ұсынылады.
Жиын соңында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қатысты ұсыныстар ортаға салынып,бірлескен жұмыстар жасалатын болды.
10 қаңтар 2024 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 122

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 280

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930