Мобильді топ өкілдері Ақжар ауылында
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Мобильді топ өкілдері Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында болып, тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Халықпен кері байланыс жасаудың тиімді құралдарының бірі қоғамдық қабылдау. Бүгінгі өткізілген қоғамдық қабылдауға ауыл тұрғындары ауылды дамыту көркейту бойынша өз сұрақтары мен ұсынтарын жеткізді. Мәселен ауыл жастарына спорт алаңын салу, интернет желісін 4G дейін көтеру, мемлекеттік гранттар, ауылдағы электр желісін күрделі жөндеуден өткізу және жұмыссыздық мәселесі бойынша қосымша штаттық бірліктер бөлу көтерілді. Сондай-ақ, қабылдауда жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарға тиісті сала өкілдері тарапынан заң аясында кеңестер мен сұрақтары бойынша жауаптар берілді. Қабылдау cоңында ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, мобильді топ өкілдерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.
Мобильді қоғамдық қабылдаудың өкілдері құрамында , «AMANAT» партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылкасынов, облыстық маслихаттың депутаты И.Шағыртаев, партияның Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Д.Буханов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Баимбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Н.Өмірзақов, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Г.Қойшығұлова, ШЖҚ «Табиғат» МКК директорының міндетін атқарушы Қ.Шакиров болды.
Естеріңізге сала кетейік, мобильді топ өкілдері Қармақшы ауылында қабылдау жүргізген болатын. Алдағы уақытта мобильді қоғамдық қабылдаудың жұмысы жоспарлы түрде өзге елді мекендерде жалғасады.