Конституция
» » Мобильді қоғамдық топ Қармақшы ауылында

Мобильді қоғамдық топ Қармақшы ауылында

Партияны қайта жаңғырту бағдарламасы аясында мобильді қоғамдық топ бүгін Қармақшы ауылына іс-сапармен келіп, тұрғындардың көкейдегі мәселесіне құлақ түріп, мұң-мұқтажын тыңдады.
Мобильді қоғамдық қабылдаудың құрамында Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Д.Байрақтарова, аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев, партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Н.Әбдікәрімов, «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Буханов, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық маслихат депутаттары – Б.Нысанбаев пен А.Скендиров және басқарма басшылары қатысты.
Президент Қасым Жомарт Тоқаев партияның 22-і кезектен тыс Съезінде азаматтарды көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулерді көптеп өткізу қажеттігін айтқан еді.
Тілек-өтініштерімен келген ауыл тұрғындары жер, аяқ су, жарықтандыру, әлеуметтік нысандар құрылысы, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде берілетін несиелер оның ішінде қайтарымсыз гранттар мен өзге де мәселелер жөнінде сауалдар қойып, ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде мобильді топ өкілдері біршамасына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, партияның бақылауында болатынын айтты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ






20 сәуір 2022 ж. 793 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031