» » Қандай мобильді аударымдар табыс ретінде саналады?

Қандай мобильді аударымдар табыс ретінде саналады?


Қазіргі таңда қоғамда мобильді аударымдар сауда-саттық жасауда өте ыңғайлы. Дегенмен, елімізде заңсыз кәсіппен айналысу деректері жиілеген. Осыған сәйкес, 2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков айтты.
- Үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Егер 2 ай 100 аударымнан көп төлем жасалып, арасында үзіліс жасап төлем аударылса, иә болмаса 100 аударымға жетпейтін мөлшерде болса тексеріс жүргізілмейді. Банктерден ақпараттың келіп түсуі кезең-кезеңмен жүзеге аспақ. Бүгінгі таңда ақпарат тек 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша алынды. Аталмыш бақылау шаралары адал жұмыс істейтін және уақытылы салық төлеп отырған кәсіпкерлерге жүргізілмейді. Яғни, жасырын кірістері бар және кәсіпкер ретінде тіркелмегендерді анықтауға бағытталған. Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасай алады. Мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ. Өйткені олар жеке тұлғаның табысына жатпайды. Табыс алуға бағытталған аударымдар ғана декларациялауға жатады. Осыған байланысты кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға төлем қабылдауды ұсынамыз, - деді Еркін Елшібеков.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

05 қаңтар 2024 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930