» » Мобильді аударым: салық салына ма?

Мобильді аударым: салық салына ма?

Соңғы жылдары қазақстандықтардың дені қолма-қол ақшаны ұмытты. Көпшілігі төлем жасау үшін онлайн аударымды қолданады. Үйден аттап шығып таксиге мінсе де, дүкен мен дәріханға барса да, жүрген жерінде сұрайтын бірінші сұрағы «каспий голд бар ма?». Кәсібін енді бастап тиыннан теңге құрап жатқандар үшін осы төлем түрі өте тиімді, олар чексіз жұмыс істеді. Себебі аударым үшін ешқандай салық төлемейтін. Енді биылғы жылдан бастап кәсіпкерлердің мобильді аударымдары тексеріледі дегенді естіп біраз жұрт елеңдеп қалды. Бұл қалай болады деп әлі күнге дейін қызу талқыға салып, алаңдаушылық танытуда.

Шағын эксперимент үшін бірнеше дүкенді араладық. Осыдан бір апта бұрын ғана аударым үшін жазылып қойылған нөмірлердің біршамасы алынып тастапты. Ал бірсыпырасы «Қолма қол жұмыс істейміз» деген ескертпе қағаздарды іліп қойған. Ал үлкен сауда орындары әдеттегідей төлем үшін қажетті арнайы терминалмен бұрынғыдай жұмыс істеп тұр. Иә, енді аударымдар қадағалана бастады. Егер үш айда 100-ден аса онлайн төлем жасалса, салық органдарының бақылауына ілігеді. Бұған қатысты тұрғындар пікірі әртүрлі. Бірі жеке шоттарды бақылау қате десе, енді бірі салықтан жалтарғандарды жөнге салу керек дейді.

Халық күнделікті есеп айырысуда, төлем жасауда қолданып жүрген мобильді аударымдарды салық органдары бақылауға ала бастады. Ақшаның онлайн айналымда жүруі әсіресе кәсіпкерлерге тиімді. Бұдан былай салық органдары банктегі қаржылық операцияларды қадағалап отырмақ. Дегенмен, аударымдарды бақылау жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асып, жалпыға бірдей декларацияда тіркеледі.

Мәселен, биылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің мобильді аударымдары тексеріле бастайды. 2025 жылдан жеке кәсіпкерлердің, ал 2026 жылдан қарапайым халықтың ақша аударымы бақылауға алынады. Халық қазір қолма қол ақшаны көп ұстамайды, көбіне мобильді аударымды қолданады, кюармен төлейді. Салдарынан цифрлы төлемдердің үлесі 86 пайызға дейін өскен. Сондықтан салық органдары қаржы айналымының мақсатын тексеру маңызды дейді. Яғни, бұл бақылаудың салығын төлеп отырғандарға қатысы жоқ. Кәсібін жүргізіп, кірісін жасырғандарды анықтауға бағытталады. Ал салық саясатына селқос қараған мемлекеттік қызметкерлердің жеке дерегі жемқорлыққа қарсы агенттікке жолданады.

Заңсыз жұмыс істегендерге жауапкершілік те бар.  ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкерлікті тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 15-тен 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтеді. 2024 жылы бұл сома 59 430 теңгеден 396 200 теңгеге дейін жетеді. Сондай-ақ кірісті жасырғаны үшін – төленбеген соманың 200 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады. Бұзушылық қайталанған жағдайда – 300 пайызға өседі. Ал чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін (198 100 теңге) айыппұл салынады. Дегенмен, Салық комитеті жаппай айыппұл салынбайды, оларға әуелі ескерту беріледі дейді. Айта кетейік, мұның жеке мақсатта жіберген аударымдарға еш қатысы жоқ екенін баса айтты. Яғни, ата-анаға, туған-туыс, жақын достарға жіберілген қаржы операциялары заңсыздыққа жатпайды.

Мемлекеттік кірістер органдары жоғарыдағы өзгерістердің осыған дейін табыс көзіне сай салық төлеп жүрген кәсіпкерлерге әсер етпейтінін және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанын айтады.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
04 қаңтар 2024 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031