» » 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға салық ұстала ма? Қаржы министрінің жауабы

1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға салық ұстала ма? Қаржы министрінің жауабы

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың қандай ұялы аударымдарына салық салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның сөзінше, қазір банктермен апробация, пилоттық жоба жүріп жатыр. Үкімет үш ай ішінде бір карта бойынша 100 аударым критерийін қойған.
«Бақылаймыз. Бұл критерийлер шартты түрде. Реттей аламыз, мүмкін аз, мүмкін көп болуы мүмкін аударымдар саны. Десе де жаңа түзетулер кәсіпкерлік қызмет сипатына ие мобильді аударымдарға салық салуға бағытталғанын ескерген жөн.
Егер бұл туыстар арасындағы, мүмкін әріптестер арасындағы қарапайым аударымдар болса, әртүрлі жағдайлар болады - түсінікті, бұл кәсіпкерлік қызметке қатысты емес, салық салынбайды. Сондықтан мұнда басты мақсат – жиі жүргізілетін аударымдарды фискализациялау», - деді вице-премьер.
Журналистер «Сыйлыққа немесе жаңа перде алуға ақша жинайтын мектеп оқушыларының ата-аналарына жасалған аударымдар үшін салық төлеу керек пе?» деп сұрады.
«Жоқ, мұндай жағдайларда салық шаралары қабылданбайды, өйткені бұл бір реттік төлемдер екенін білеміз. Мұндай аударымдар үшін тәуекел тудырмайды, бірақ бизнесі бар адамдар үшін тәуекел болады: дүкен, такси және т.б. Яғни, бизнеспен тікелей айналысатын адамдар», - деп жауап берді Қаржы министрлігінің басшысы.
Ол кәсіпкерлік қызметпен айналысатын қазақстандықтарды осындай мақсаттар үшін арнайы шоттар ашуға шақырды.
«Бұл үшін арнайы картаны, арнайы шотты ашыңыз және қалағаныңызша аударымдар жасай аласыз. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түріне тіркеліп, салық төлеңіз. Көлеңкеде жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды осыған әкеліп жатырмыз», - деді Жамаубаев.
14 желтоқсан 2023 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031