» » Онлайн аударымдарға салық салына ма?

Онлайн аударымдарға салық салына ма?

Қаржы министрлігі ақша аударымдарын фискализациялауға қатысты түсініктеме берді. Бұл тек кәсіпкерлік қызметті жүргізетіндерге ғана қатысты болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі мобильді банктік қосымшалар қолма-қол ақшадан қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бастамасы болды. Жеке тұлғалардың мұндай аударымдары әкімшілік тұрғысынан бақылануды талап етпейді әрі салық салу объектісі болып табылмайды", - делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ, кей кәсіпкерлер қызметін жүзеге асыру кезінде жеке онлайн-аударымдар үшін банк сервистерін пайдаланады. Осы тұлғаларға салық салынатын болады, олардың барлық деректері қорытынды есепте көрсетіледі.
"Шағын бизнес субъектілері 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған. Негізгі жолдардың бірі кәсіпкерлік қызметке арналған жеке шотты пайдалану болып отыр, сол шотқа сатылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемдер түседі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік коммерциялық операцияларды дәлме-дәл анықтай алатын қауіпті басқару жүйесін әзірлеуді ұсынады.
Айта кетейік, бұған дейін үкімет мобильді қосымшалар арқылы ақша аударымдарын жасайтын бизнеске салық салу мәселесін қарастыруды міндеті етіп қойған.
Қазір қазақстандық ірі банктердің бірінде клиенттер картаға байланған телефон нөмірі бойынша қолма-қол ақшасыз аударымдар жасауда. Аударым комиссиясыз жүзеге асырылады. Мұндай төлемдер жеке мақсатта, такси, азық-түлік, шаш қию, көлік жуу және басқа төлем ретінде де қолданылып жүр.
21 ақпан 2021 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031