» » Табыс салығынан кімдер босатылды

Табыс салығынан кімдер босатылды

  2020 жылдың 1 қаңтарынан микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан 2023 жылға дейін босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2020 жылдың басынан бастап арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында осындай тапсырма берген болатын.

Салық заңнамасына сәйкес, 15 адам жұмыс істейтін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке дейін немесе 76 миллион теңгені құрайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар микробизнеске жатады.

Ал 100 адамға дейін жұмысшысы бар, жылдық табысы 300 АЕК-ке дейін немесе жылына 757 миллион теңге болатын ұйымдар шағын бизнес саналады.

Алайда жер қойнауын пайдаланушылар, акциздік өнім өндірушілер, ойын бизнесі, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары табыс салығынан босатылмайды.

Тағы оқыңыз: Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады?

Бұдан бөлек, қаңтардан бастап шағын және орта бизнеске үш жылға тексеріс жүргізуге мораторий күшіне енді. Бірақ бұл тексеріс мүлде жүргізілмейді деген сөз емес.

Кедендік тексеріс, кезікпе салық тексерісі, қылмыстық іс аясында және салық төлеушінің өтініші бойынша өз қызметіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерістер қала береді.

Бұған дейін үкімет басшысының бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов шағын бизнесті салықтан босатсақ, 2020 жылы ел бюджеті 200 миллиард теңгеден қағылатынын мәлімдеген еді.
04 қаңтар 2020 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031