» » Еңбекақысы төмен қазақстандықтарға салықтық жеңілдіктер жасалады

Еңбекақысы төмен қазақстандықтарға салықтық жеңілдіктер жасалады

Егер жұмыскердің кірісі 25 АЕК-тен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде табыс салығынан босатылады.


Айта кетейік, тиісті заңнамаға түзетулер 2018 жылы енгізілген болатын. Бұл норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

«2019 жылдан бастап, егер жұмыскердің кірісі 25 АЕК-тен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзету қолданылатын болады. Тиісінше, егер жұмыскердің есептелген кірісі 25 АЕК-тен асқан жағдайда, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90% мөлшерінде түзету қолданылмайды», - делінген ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінде.

Жеке тұлға еңбек қызметін бірнеше жұмыс берушіде жүзеге асырған жағдайда және әрбір жағдайда жұмыскердің есептелген кірісі 25 АЕК-тен аспаса, онда жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзетуді әрбір жұмыс беруші қолданатын болады.

Айта кетейік, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатындарға салықтық жүктемені жеңілдетуді ұсынды.

«Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын. Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек», - деген еді Мемлекет басшысы
01 қаңтар 2019 ж. 1 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031