Топ-баннер
» » Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға жуық қысқарды

Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға жуық қысқарды


Ұлттық банктің статистикалық деректеріне сәйкес, қаңтар айында елімізде мобильді аударымдар арқылы жасалатын төлем көлемі шамамен 30 пайызға қысқарды.
Бұл туралы аталған банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
«Біз тіпті кейбір нүктеде қолма қол валютаны қосымша нығайтуымызға тура келді. Өйткені, бастапқыда адамдар қолма қол ақшаға жүгірді. Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан түсіндірулер, кеңестер берілгеннен кейін жағдай тынышталды және алдағы уақытта да тыныштала береді. Өйткені, мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. Қолма қол ақшасыз төлем деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз», - деді ол елордада өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетейік, осы жылдың басынан бастап әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіле бастады.

kaz.nur.kz
23 ақпан 2024 ж. 1 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 467
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728