» » Қармақшыда спорт саласы бойынша алқа отырысы өтті

Қармақшыда спорт саласы бойынша алқа отырысы өтті


Бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде спорт саласы бойынша алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, кент, ауылдық округ әкімдері және спорт саласының ардагерлері мен қызметкерлері, жас спортшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аудандық дене шынықтыру мен спорт саласына жауапты сала басшыларының 2023 жылы атқарған жұмыстары мен 2024 жылғы атқарылатын міндеттер туралы хабарламалары тыңдалды.

Одан соң, спорт саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, сала мамандарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы мәжілісте қаралған мәселелер бойынша пайымды пікірін ортаға салды. Сондай-ақ, сала ардагерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары жиынды қорытындылай келе ауданда бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, спорт ғимараттарын күтіп ұстау және материалдық-техникалық базасын жақсарту, әрбір спортшы үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі атқару жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Алқа отырысы соңында ауданымызда спорт саласының дамуына айрықша үлес қосқан сала ардагерлері мен спорт саңлақтарын арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

05 сәуір 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 459
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31