» » “Mamandyqym maktanyshym”

“Mamandyqym maktanyshym”

Қармақшы аудандық “Аманат” партиясы, аудандық жастар ресурстық орталығы және аграрлы - техникалық колледжінің ұйымдастыруымен “Mamandyqym maktanyshym” тақырыбында студенттер арасында сайыс өткізілді.
Сайыс мақсаты - колледждегі жұмысшы мамандықтарда білім алып жатқан жастарға қолдау көрсету, жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, болашаққа бағыт бағдар беру. Білім беру ұйымында ерекше дарынды және кәсіби қабілетті ілім алушыларды және өз ісінің шеберін анықтау, оқытумен қатар кәсіби шеберлігі бағытында практикалық жұмыстарынң жүргізілуін жетілдіру.
Сайысты партияның аудандық филиалының төрағасы Ә.Қошалақов ашып берді. Сонымен қатар аталған шараға арнайы Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев, партия ардагері К.Раева қатысты.
Сайысқа колледждің «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану» мамандығы, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы, «Электр жабдықтары (түрлері салалары бойынша)» мамандығы бойынша студенттер тәжірибе алаңында бақ сынасты.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтармен дипломдар табысталды!
30 наурыз 2024 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930