» » Кәсіби шеберлік конкурсы

Кәсіби шеберлік конкурсы

Жақында «Академик С.Жиен­құ­лов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде» облыстық білім басқармасының және облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспары негізінде «Кірпіш қалау», «Сән технология­сы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Электроника» құзыреттіліктері бойынша «WORLDSKILLS» респу­бликалық кәсіби шеберлік кон­курсының колледжішілік кезеңі өткізілді. Аталған құзыреттіліктер бойынша болашақ мамандардың біліктіліктері мен шеберліктерін анықтау мақсатында әлеуметтік серіктес мекемелерден «Асар Плюс» ЖШС бас директоры С.Жұмадияров, дизайнер Т.Жол­ды­баева, СТО комплексінің басшысы К.Алмаханов, «Шаимбетов» ЖШС бағдарламашы маманы А.Шаимбетов сынды сарапшылар арнайы шақырылды.
Чемпионаттың колледжішілік кезеңін колледжіміздің дирек­торы Ә.Дәуленбаев ашып, қаты­сушыларға сәттілік тіледі.
WorldSkills College Ұлттық чемпионаты байқауының негізгі мақсаты – Қазақстан Республи­касында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарын бітірген түлектер арасында ерекше дарынды және интеллектуальды қабілетті жоғары білім алушыларды және өз ісінің шеберін анықтау, оқытумен қатар кәсіби шеберлігі бағытында практикалық жұмыстарының жүр­гізілуін жетілдіру, білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, практикалық жұмыстарды жи­нақтау, іріктеу, қорытып және өз ісінің шеберін анықтап, байқаудың облыстық кезеңіне жіберу.
Конкурс нәтижесінде әр құ­зыреттілік бойынша өз ма­ман­­ды­ғының қас шеберлері анық­­­­талып, оларға сертификаттар тапсырылды. Сондай-ақ «WORLDSKILLS» чемпионатының об­лыстық кезеңіне жолдама берілді. Болашақ мамандардың өз құзыреттіліктерін жақсы меңгеріп, іс жүзінде шеберліктерін көрсете білуіне баули білген С.Есеналиев, Ш.Ералиева, С.Темирханова, Ш.Назарова, Ж.Жанұзақова, Ф.Шылмырзаева, Б.Қожанова, А.Таласбай, Р.Айгельдеева, Д.Сұлтанай, Н.Қайруллаева сынды арнайы пән оқытушыларына алғыс айтамыз.
Н.АЛИМБАЕВА,
экономика ғылымдарының магистрі
29 наурыз 2022 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031