» » «Worldskills Kazakhstan»: Мамандыққа машықтануға мүмкіндік берді

«Worldskills Kazakhstan»: Мамандыққа машықтануға мүмкіндік берді



«Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты – білікті кадрларды даярлаудың жаңа тренді. Бұл колледж және жоғары оқу орнының студенттерінің болашақ мамандығы бойынша сынға түсіп, қабілетін танытатын білім бәсекесі.
Білікті кадрларды даярлап, жаңа идеялар мен трендтер жасауға және кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін аталмыш байқауға М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі 2016 жылдан бері белсенді қатысып келеді.
Болашақ маманның кәсіби бағытын шыңдауға арналған ең алғашқы чемпионатта аймақ абыройын қорғауға аталмыш педагогикалық жоғары колледждің 2020 жылғы түлегі Аяулым Сарманова қатысқан болатын.
Бүлдіршіндермен жұмыс істегенді жаны сүйетін Аяулым «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша өткізілген «Worldskills college – 2018» колледжішілік чемпионатында І орын иеленіп, одан соң «Worldskills Kyzylorda – 2018» аймақтық чемпионатында да І орынды жеңіп алды. Өңірлік іріктеу кезеңінен жоғары жетістік көрсеткен Аяулымның республикалық деңгейде бәсекеге түсуіне жол ашып, 2019 жылы ол республикалық «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионатында ІІ орын мен күміс медальді иеленді.
Дарынымен даралған үздік түлек бүгінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Екі шетел тілі» мамандығы бойынша білімін одан әрі жетілдіруде.
Аяулымның айтуынша, білім ордасында алған білімін практикамен ұштастыруда «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты мамандыққа машықтануға мол мүмкіндік берді дейді.


09 наурыз 2022 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930