Құрылтай
» » БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГТАР БАҚ СЫНАДЫ

БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГТАР БАҚ СЫНАДЫ

Жақында Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Абылай хан» колледжі базасында «Мода технологиясы» құзыреті бойынша облыстық деңгейде іріктеу сайысы өткізілді. Мақсат «Worldskills  Kazakhstan» ұлттық чемпионатына қатысушыларды анықтау болатын.
Екі күнге созылған шараға тәжірибелі технологтар сарап­шылық етті. Эскиздеу, муляж, пішу, тігу шарттары негізінде өткізілген тартысты сайысқа  Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің білім алушысы Жазира Серікбаева қатысқан еді.  Ол облыстық деңгейде өткізілген «Мода технологиясы» құзыретінің нәтижесінде І орынды иеленді. Білім алатын оқу орны мен ұстаздарының мерейін үстем етті. Қармақшылық колледж оқушыларының осал еместігін аңғартты.
Он саусағы майысқан өнерлі жерлесімізді жүлдесімен құттықтаймыз.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
20 мамыр 2019 ж. 1 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31