» » КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

        
«Жаңа әлемге жол саламыз!» деп ұмтылған бүгінгінің  жастары озық ойлы, қабілет қарымы мол, интеллектуалдық потенциалы жоғары болса ғана білім биігіне шыға алады. Болашақ жас мамандардың сандық технология дәуірінде көш бастауы үшін бірнеше тілді еркін меңгеруі маңызды. Қазіргі күні  «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген қанатты сөздің берік ұстанған жастар қатары  көбейіп  келеді. Олар пәндік олимпиадалар мен қашықтықтан өткізілетін республикалық байқайлардың жеңімпаздары болып, аудан мерейін үстем етуде.

Жуырда, Қызылорда облыстық білім басқармасының Қазалы ауданындағы «Қазалы аграрлы-техникалық колледжі» әкімшілігінің ұйымдастыруымен,  «Үш тұғырлы тіл – рухани жаңғыру бастауы» тақырыбында  техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының студенттері арасында, қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінен ауданаралық пәндік олимпиада болып өтті. Аталмыш білім бәйгесіне ауданымыздағы іргелі білім ордасы, кәсіптік-техникалық білім берудің қара шаңырағы – Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері де қатысып қайтты.
Ауданаралық дейгейде өткізілген білім додадасы бірнеше кезеңнен құралып, әр пән бойыншша 16 қатысушы бақ сынасты. Бірнеше ауданның жас білімгерлері бақ сынасқан білім бәсекесінде Қармақшылық студенттердің мерейі үстем болды. Атап айтқанда, пәндік олимпиада қорытындысында колледжімізден барып қатысқан  «Қазақ тілі» пәні бойынша 3 – орынды Тқ – 18/9  оқу тобының 1 – курс студенті Изатова Сезім, «Орыс тілі» пәні бойынша 1 – орынды Фт-17/9 оқу тобының студенті Жанықұлов Еркебұлан, 3 – орынды Баймурзаев Абылай, «Ағылшын тілі» пәні бойынша Әбдібекова Гүлназ иеленді.  Аудан мерейін  үстем еткен жас өрендердің білім бәйгесінде топ жаруы колледж оқытушыларының ерен еңбегі мен ата-аналарының тағылымды тәрбиесінің, студенттердің үздіксіз ізденісінің нәтижесі  деп білеміз.
Ертеңгі күнге деген сенім мен бақытты болашаққа жол бастайтын, қоғамдық қатынастыр негізінде даму үдерісімізді ілгері қозғайтын жастар. Сондықтан, жастардың білімді, сауатты, озық ойлы болуы үшін жасалар жұмыстар жалғаса берері хақ. Білімді шәкірттердің бет алысы ұлағатты ұстаздар қауымына үміт ұялатары сөзсіз.

АЗИЗ ДҮКЕНБАЙҰЛЫ,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері,
«Қазақстан ұстаздары» қоғамының мүшесі.
24 қыркүйек 2018 ж. 1 511 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 09:04
Buy Ketotifen Pills Online Sertraline Of Shore Prix Propecia En France http://kamagpills.com buy accutane 30 mg Order Plavix No Prescription Comprar Cialis En Farmacia De Andorra

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930