» » Мамандық таңдай білу – өнер

Мамандық таңдай білу – өнер

Фото
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді Жүсіпбек Аймауытов. Бүгінгі жас буын гуманитарлық бағытта білім алуға құмар, дегенмен заман талабы өзгеше. Техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Сондықтан да болар автомеханик мамандығын игеруді қалайтындар көбейген.
Автомеханик – бұл әсіресе автомобиль өнеркәсібінің белсенді дамуы жағдайында сұранысқа ие мамандық. Еңбек нарығында жұмыс тәжірибесі мен жақсы дағдылары бар білікті мамандар әрқашан сұранысқа ие. Сонымен қатар автослесарь техникамен және құрал-жабдықтармен жұмыс істейтіндіктен, қауіпсіздік техникасы мен осы мамандық бойынша кәсіби дағдылар және білімдерге қойылатын талаптар өте жоғары. Сондай-ақ автомеханик әртүрлі орталарда, соның ішінде физикалық белсенділік пен ашық ауада жұмыс істеуге дайын болуы керек. Оның жұмысы көлік құралдарының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге, тұтынушылардың көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеудегі қажеттіліктерін орындауға бағытталған.
Жақында академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі білім беру мекемесінде «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының «Мен таңдаған мамандық – автомеханик» атты апталығы өтті. Бұл апталықтың мақсаты – білім алушыларға автомо- биль тарихының пайда болуы туралы мағлұмат бере отырып, қоғам өмірінде автокөліктің қажет екенін ұғындыру, өз мамандығының мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында арнайы пән оқытушысы Сәкен Есеналиев «Жас механик» атты шеберлік сағатын көрсетсе, Баян Қожанова «Автокөлік әлемі» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырып, студенттердің білім деңгейлерін бақылады. Ал Жасұлан Көбеков «Жол жүру ережелері» атты автокөліктің әмбебап тренажерында тәжірибелік шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Апталық жұмысына студенттер белсенді атсалысып, өте жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды.
Сәкен ЕСЕНАЛИЕВ,
арнайы пән оқытушысы
24 наурыз 2024 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 070

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031