» » АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ

АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ


Наурызнама онкүндігіне сәйкес 19 наурыз – Жаңару күні.

Жаңару – табиғат пен адамның жаңаруы, жанның тазаруы және таза өмірдің басталуы.

Бүгін III Интернационал ауылдық округінде түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен «Армысың, әз-Наурыз» мерекелік шарасы өткізілді.

Шара барысында халқымыздың ежелден келе жатқан «Қыз ұзату», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Беташар» сияқты ұлттық дәстүрлерден әдемі көрініс қойылды. Ауыл жастарының қатысуымен күрес, арқан тартыс, асық ату, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ және басқада спорт түрлерінен сайыстар өткізілді.

Ауыл алаңында тігілген киіз үйлерді аралап, Жаңару күнін көпшілікпен қарсы алған аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов бірлігі мен тірлігі жарасқан III Интернационал ауылы жұртшылығын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

Думанды іс-шарада жүз шайыр елінің өнерлі өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып, көпшілік керемет көңіл күйге бөленді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

19 наурыз 2024 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 067

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930