» » ЕСІМІ ДЕ, ЕҢБЕГІ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕСІМІ ДЕ, ЕҢБЕГІ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Өнер қонып, бақ дарыған қасиетті Сыр өңірінің бірнеше ауданында қызмет етіп, тау тұлғалы азаматтармен жақын араласып, ағалы-інілі сыйластықта болдым. Мәселен, Қармақшы ауданында қызмет еткен жылдары текті әулеттің түлегі, атақты Жиенбай мен Рүстембек жыраудың ұрпағы Көшенейдің кенже баласы Арнұрмен жақсы сыйластықта болдық. «Уақыт – жүйрік» деп бекер айтылмайды екен. Сол бауырымыздың өмірден өткеніне де бір жыл уақыт өте шығыпты.
Ол тумысынан дара дарын иесі еді. Саналы ғұмырын Сыр өңірінің өнер, мәдениет саласының дамуына арнады. Ата-бабаларынан дарыған жыраулық дәстүрдің лайықты ізбасары болды. Ақжарда туып, алты Алашқа танылған азамат жауапты қызметтерді де абыроймен атқарды. Қай қызметте де тектілігін танытып, көпшіл қасиетімен дараланды, аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, ізінен ерген жастарға жанашыр болды. Сондықтан оны үлкен де, кіші де жақсы көрді, құрмет тұтты.
Ардақты азаматтың еңбегі көзі тірісінде лайықты бағаланды. ҚР «Мәдениет саласының үздігі» атанды. Халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің ұйымдастырылуына өз үлесін қосты. Еліміздің бірнеше аймағын қамтыған «Жыр керуені» атты концертте өнер көрсетті. Мұнан бөлек, Т.Ізтілеуовтің 125 жылдығына арналған республикалық «Тау тұлға – Тұрмағамбет» атты байқауда бас жүлде иегері атанды. Қармақшы ауданының «Жылдың үздік мәдениет саласы қызметкері» номинациясын иеленді.
«Өнер иесі өнерге бір күнде келмейді және бір күнге келмейді» деп қайраткер-тұлғалар айтқандай, Арнұр Көшенейұлы өнер саласына бір күнде келген және бір күнге келген азамат емес. Ол артына өшпес із қалдырды. Еңбегі де, есімі де халық жадынан ұмытылмайды. Марқұмның жылдық асына жиналып, рухына Құран бағыштап жатқан сырбойылық қауымға және жыраулық өнерде өзіндік орны бар Көшенеевтер әулетіне қабыл болсын айтып, тілеулестігімді білдіремін.
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
12 наурыз 2024 ж. 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930