» » Ана жайлы жаңа кітап

Ана жайлы жаңа кітап

Білім саласында жас кезінен басшылық қызметтер атқарған ауданның құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, ұстаз Дастан Мырзабекұлының есімі Сыр жұртшылығына жақсы таныс. Ол оқу-ағарту саласында жемісті еңбек етумен қатар, қолына шабыттана қалам ұстап, тоқтаусыз жыр жазып келе жатқан ақын. Олай дейтініміз, оның осы кезге дейін бірнеше жыр кітабы баспа бетін көріп, оқырман жүрегіне жол тартқан. Атап айтқанда, 2010 жылы «Жаңажол жырлары», 2011 жылы «Жүректен тамған тамшылар» кітабы жарыққа шықса, 2021 жылы екі бірдей – «Қырғауылдың қайғысы» және «Ойтүрткі» атты жыр жинақтары оқырманнан жоғары бағасын алған.
Жырсүйер қауымға сүйінші жаңалық – ақын ағамыздың жуырда тағы бір жинағы рухани қазынамыздың қатарын көбейтіп отыр. «Анам жайлы аңыз» деп аталатын кітап Алматыдағы «Дайыр Баспа» баспаханасынан жарық көрген.
Кітаптың алғы сөзін аналар жайында бастап, одан соң анасы Патыма Дүйсенбайқызы туралы тереңнен ой толғайды. «Ана туралы қалам тербемеген ақын мен жазушы кемде-кем шығар. Қанша жазылса да, қалай жазылса да бұл тақырыпқа ешкім нүкте қоя алмайды. Өйткені, бұл – мәңгілік тақырып. Әрбір адам ананың ақ сүтін еміп, аялы алақанында өсетін болса, бәрінің де құдіретті жан туралы жүрекжарды ықыласын білдіруге хақы бар. Мен де сондай жанның бірімін. Анам жайлы ойға түйгенімді, балалық махаббатымды қағаз бетіне түсіруді көптен ойлап жүргенмін. Анам жайлы айтпай кетсем, азаматтық арыма селкеу түсетіндей іштей мазасызданатынмын. Адам болып жер басып жүргенім, азамат болып елге танылғаным – анамның арқасы. Сол көп ойтолғақтан кейін бірінші Аллаға, екінші анама сыйынып, қолыма қалам алдым» деп ана алдындағы перзенттік парызын ту етіп ұстайды.
Кітаптың мазмұнына келер болсақ, ақынның «Анам жайлы аңыз» естелігін, «Анама», «Анамыз аңыз жанға айналғандай», «Бетімнен кетші бір сүйіп», «Нала», «Аманат», «Адалдық», «Жетім қыздың зары», тағы басқа да тақырыптарда өлеңдерін оқуға болса, «Қатша қыз» поэмасы да кітаптың жүгін көтеруге септесіп тұр.
Тарихымызда аналардың тартқан тауқыметі мен ауыртпашылығы аз болмаған. Небір қиын уақыттарды бастан кешіре отырып, оған ешбір мойымаған. Қара жұмысты да істеп, қарадомалақ баланы да жеткізген. Қазіргі ұрпақ сол аналардың алдында әркез қарыздар. Сол айтқанымыздай, кітапта сан тағдырлы аналар бейнесі сомдалады. Шығармада ананы сыйлау, құрметтеу секілді асыл қасиеттер көпшілікке насихатталады. Жыр қазынасы өнерді құрмет тұтқан, өлеңсүйер қауымға арналған.
С.АҚКІСІ
12 наурыз 2024 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 350

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930