» » » Мираның "Жан сыры" оқырманға жол тартты

Мираның "Жан сыры" оқырманға жол тартты

Қармақшының киелі топырақ екені жиі айтылады. Соны бір дәлелі – жыр жауһарын дестелеген өңірде тамаша таланттар бой түзеп, қатарын көбейтіп келеді. Қорқыт бабаның сонау ғасылардағы нарқобызынан құдды бір нәр алғандай-ақ. Сондай таланттың бірі – Мира Жетесқызы.
Он жеті жасында жыр әлеміне ерік берген жас арудың бүгінде жасы алпыстан асса да қолынан қаламы, жастығының астынан киіз кітабы түскен емес. М.Тұрашқызының шығармашылығы күні кешеге дейін оқырманының ыстық ықыласына бөленіп, қандай да бір іс-шараның мәні мен мағынасын жайдары жырымен келтірген Нағима Торманова, сауда саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан елу жасында өндіріп өлең жазған Үрліхан Өндібаева апаларымыздың ізін жалғағандай әсер етті.
Айта кетерлігі, ақын әпкеміздің жыр жолдарының осы кезге дейін жазу үстелінің тартпасында сақталып, тек соңғы уақытта ғана газет бетіне жариялана бастаған. Дегенмен, жай сақталып қоймай, жинақталған дүниелері жақында "Қызылорда Қанағаты" баспасынан 238-беттік жыр кітабы болып басылып шықты.
Осыған орай аудандық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханасында карантин талаптары сақтала отырып, шығармашылық иесінің ""Жан сырым..." атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Оған оқырмандар мен мәдениет саласының ардагерлер қатысты.
Жаңа кітаптың лентасын білім саласының ардагері Талмаш Жұмабаева мен "Қармақшы ауданының құрметті азаматы" Ұрзахия Маханбетова салтантты түрде сөз сөйлеп, қиды. Ақынға зор табыс тілеп, қаламының ұштала беруіне тілектестіктерін жеткізді.
Сондай-ақ, кешке шақырылған ауданымыздың құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық білім бөлімінің басшысы, ақын Дастан Нәзікбаев, сала ардагерлері Жаңыл Әбдікешова, Несібелі Нұралиева, аудандық мәдениет үйінің директоры, жырау Арнұр Көшеней, кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева және тағы басқа да мерейгердің құрбы-достары тілегін білдіріп, сый-құрмет көрсетті.
Жалпы кітап бес бөлімнен тұрады. "Туған тілім", "Қармақшым", "Бақытты болуға үйрендім", "Анама" атты басқа да көптеген өлеңдері жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулыса, аға буын өкілі үшін өткенді сағынышпен еске алуға мол мүмкіндік бергендей. Оқырман қауымға ой тастар, "Жан сырымның" сізде сырымен бір бөлісіп көріңіз!
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
08 желтоқсан 2020 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031