» » Білім саласының абыз ардагер ұстаздарымен әсерлі болған кездесу

Білім саласының абыз ардагер ұстаздарымен әсерлі болған кездесу

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген жас ұрпаққа ізеттілігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген бүгінде әже болып, немере тәрбиелеуде әлі де болса бар өмірлік тәжірибелерін үлгі етіп отырған білім саласының ардагерлерінің қашанда орны ерекше.

Өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау мақсатында бүгін білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен " Дәстүрінің бал қаймағы әжелер" тақырыбында білім саласында еңбек еткен сала ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

Кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева алғы сөз алып, арнайы іс- шараға қатысушы ардагер ұстаздарға білім саласында жасампаз ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еткен еңбектері қашанда ұшан теңіз екендігін жеткізіп, келіп жеткен мерейлі мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етіп, сый-сияпат көрсетті.

Кездесу кезінде ардагерлер естелік әңгімелерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Шара аясы ардагер ұстаздарға арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен ұласты.

05 наурыз 2024 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031