» » Қазақы тәрбиенің бастау бұлағы

Қазақы тәрбиенің бастау бұлағы

Қырық жыл қырғын болса да қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған. Ұлтжанды ұл, қылықты қыз да осы әже тәрбиесінен шықты емес пе? Немересін баласынан ыстық көретін ата-әжелеріміз бұрындары кішкентай қарадомалақтарын бір елі қастарынан тастамаушы еді ғой. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап өседі. Немересін жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен.


Балаға берілетін тәрбиенің негізі отбасында беріледі. Қала берді сол тәрбиенің іргетасы балабақшада қаланады. Жақында №1 Аққайың санаториялық бөбекжай-бақшасында әженің немереге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Ботақан» кіші тобының тәрбиешілері Алмагүл Қалиеваның «Әжелер – асыл қазына» мен Фарида Әділованың «Әжемнің ертегісі» және тақырыбындағы сабағы өтті.

Алғашқы сабақта «Қораптағы сұрақ» деп аталатын ойын ұйымдастырылды. Онда әжелер қорап ішінен шыққан ойыншықта жасырылған сұрақтарға жауап берді. Келесі кезекте «Кел ойнайық» ойынында шаршыны лақтырып, бетіне асықтың түсіне қарай тапсырмалар орындады. Мұнда бүлдіршіндер мен әжелері бірге қызықты ойын көрсетті.
Екінші «Әжемнің ертегісі» сабағында әжелер «Достар» деп аталатын ертегінің қойылымын көрсетті. Бірі – ертегі айтса, енді бірі – сол ертегінің кейіпкерінің рөлін сомдап, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар тәрбиешілер әжелерге сұрақ қойды. Немелерінің сүйікті асы, қалай еркелетініні, балабақшадан келгендегі сезімі секілді дүниелерді сұралды.

Ертеңгілік соңында қатысқан әжелер мен немересіне сыйлық беріп, жоғары деңгейде өткен іс-шараның қызықты болуына атсалысқандарға алғыстарын айтып қорытындылады.

Иә, әжелер немересін қазақы қалыпта тәрбиелей білсе, онда ұрпағымыздың да, ұлтымыздың да ғұмырлы болары сөзсіз. Өмірдің мәнін тереңнен түсінген, ұрпағының болашағына ой жүгірткен алдығы буын апалар ұлттық құндылықты бойтұмардай сақтап, кейінгі өскелең ұрпаққа аманат етіп сақтап жеткізіп отырса болғаны.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
14 ақпан 2024 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 383

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 462

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930