» » Аутистік бұзылысы бар балаларға білім беру

Аутистік бұзылысы бар балаларға білім беру

Білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектепте «Аутистік бұзылысы бар балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды педагогикалық-психологиялық қолдауда педагогтар мен арнайы мамандардың құзіреттілігін арттыру мақсатындағы өткізілген шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Кенжебаева мен мектептердің арнайы мамандары және педагог-ассистенттер қатысты.

Семинар барысында ЕББҚ оқушының зымыран ұшыру сәті көрсетіліп, жұлдызды қала-Байқоңыр балаларының қызығушылығына сай туған жер құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Есенбаева «Инклюзивті білім беру-игі іс» тақырыбында жасаған хабарламасы арқылы аталған бағытта атқарылған жұмыстар жайында толық мағлұмат берді.

Семинар барысында №272 орта мектеп мамандары аутистік бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіру мен оқу тәрбие үдерісіне бейімдеудегі іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, семинар кезінде ашық сабақ, мамандардың оқушымен жеке және топтық түзету жұмыстары, ата-аналармен тренинг, қатысушы мамандармен шеберлік сыныбы және көңілді үзілістер өткізілді.

Балалар шығармашылығы жұмысының көрмесі әзірленіп, таныстырылды.


Семинарды қорытындылау мақсатында өткен кері байланыста қатысушы мамандар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы пікірлер айттып, тәжірибелерімен бөлісті.
06 ақпан 2024 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728