» » Облыстық семинар «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытуда заманауи жаңа инновациялық технологиялармен бейімдеу»

Облыстық семинар «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытуда заманауи жаңа инновациялық технологиялармен бейімдеу»

qarmaqshy-tany.kz Кеше Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепте «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытуда заманауи жаңа инновациялық технологиялармен бейімдеу» тақырыбында арнайы мамандармен облыстық семинар өткізілді.
Аталмыш шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева алғы сөз сөйлеп, семинардың басты ерекшелігіне тоқталып, білім жүйесінде инклюзивті білім беру жүйесін дамыту арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету қажеттілігін айта отырып, қатысушы арнайы мамандарға сәттілік тіледі.
Арнайы мамандар аутизм спектрі бар баланы байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша кіріктірілген сабақтар мен Team Bulding жұмысын, «Ғажайып бір жұлдыз» флеш-тренинг жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жақсарту және сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді жұмыстар ұйымдастырды.
Сонымен қатар Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Кенжебаева арнайы мамандардың ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен атқарылып жатқан жұмыстары бойынша тоқталды.
Семинарды Қызылорда облыстық оқу орталығының «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» бөлімінің әдіскері Гүлзат Жұмағалиқызы қорытындылап, семинар барысында жұмыс көрсеткен мамандарды арнайы сертификаттармен марапаттады.

05 наурыз 2023 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031