Мәслихаттар сайлауы
» » Ауданда облыс әкімінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен болды

Ауданда облыс әкімінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен болды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен болды.
Жұмыс сапары барысында аудандық білім бөліміне қарасты «Айгөлек» балабақшасы ғимаратының жай күйімен танысты. Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және сала басшылары, мердігерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта «Айгөлек» балабақшасының ғимараты апатты ретінде танылып, уақытша көшірілген болатын. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов ғимараттың жай күйімен толық танысып, мәселені шұғыл шешуге тиісті тапсырмалар берді. Алдағы уақытта жауапты мердігерлермен кездесулер өткізіліп, мәселенің шешімі анықталады.
Жұмыс сапары III Интернационал ауылдық округінде орналасқан «Тұрған Тамы» шаруа қожалығы балық цехының жұмысымен танысумен жалғасты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов жұмыс сапарының қорытындысы негізінде тиісті тапсырмалар беріп, күрделі мәселелерді назарына алатынын жеткізді.
Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
05 ақпан 2024 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 503

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30