» » Облыс әкімінің орынбасары Қармақшы ауданында болды

Облыс әкімінің орынбасары Қармақшы ауданында болды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыс барысы мен жай-күйімен таныстырып өтті.
Алдымен Қызылтам стансасында болған облыс әкімінің орынбасары елді мекен кіре-берісіндегі аудандық маңызы бар автомобиль жолының жағдайымен танысты.

Сондай-ақ, Жосалы-Жалағаш автомобиль жолы бойындағы су деңгейінің күрт көтерілу әсерінен су шайып кеткен учаскесінің жай-күйін көрді.
Одан соң, Жосалы кентіндегі Темір жол көпірін салу мәселесін талқылады.

Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылап, №284 мектеп-лицей интернатына кіре-беріс автомобиль жолын салу мәселесін пысықтады.

Ауданға жасаған сапарын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
16 сәуір 2023 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 164
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031