» » Бала тәрбиесі – басты назарда

Бала тәрбиесі – басты назарда

Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады. Иә, қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты мәселенің бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, оның алдын алу. Статистикаға жүгінсек қоғамдық тәртіпті бұзатын, құқық бұзушылықты, қылмысты жасайтын, сондай-ақ ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған жасөспірім балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққанын көрсетеді. Алайда кейбір ата-аналар өз баласының тағдырына алаңдаушылық танытпай, олардың үйден және мектептен тыс бос уақыттарында немен айналысып, шұғылданып жүргендерін бақыламайды. Сол себепті бұл мәселеде жан-жақты, сан тараптан бірлесе жұмыс істеу маңызды. Яғни, ата-ана, мектеп ұжымы, құзырлы органдар тиісті қадағалауды күшейту керек секілді.

Бейсенбі күні осы мәселе төңірегінде аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде аудан прокуратурасымен бірлескен қылмыстық құқық бұзушылық профилактикасы және кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс отырысы өтті.  

Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелері туралы аудан прокурорының орынбасары Әнуар Мұратов, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ермек Жандарбеков баяндама жасады.

Елімізде кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасының бақылауынсыз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүруінің өзі әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады, ол үшін тіпті әкімшілік жаза да бар. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруін қадағалау үшін ауданымызда тұрақты рейд жұмысы жүргізілуде. Аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов рейдтің қалай жүргізілетінін жөнінде:
  • Біздегі рейд аудан орталығына жиналып суретке түсумен, оны чатқа жіберумен шектеліп жатыр. Сондай-ақ жазалау болған жерде нәтиже болатынын жиі айтып та жүрміз. Әйтпесе қазақылыққа салынып «кешіріммен» құтылып жүре береміз. Бұл нәтижеге бастамайды. Жалпақ тілмен айтқанда, «қорықпаса» аяқ тартпайды. Бірінші кезекте тәртіп болуы қажет. Мүмкін, сынып жетекшілеріне қатысты шара көруді қолға алу керек шығар. Білім санатын түсіру деген секілді. Тек ата-анаға ысырып, оларға айыппұл төлеткізбей мәселені басқа қырынан қараған да артық етпейді деп ойлаймын, – деді ол.     

Бұл тақырып қашан да өзекті.  Мәжілісте жыл басталғалы бері әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты хаттама толтырылып,  2 оқушының ата-анасына айыппұл тағылғанына да қанық болдық. «Ә» дегеннен жағдай осы болса, қалғанының жағдай не болмақ?! Жасөспірімдердің жайын жіті қадағалау үшін осы жиын арнайы ұйымдастырылды.  
  • Мекеме басшыларының баяндамасын тыңдасақ, «жұмыс жүріп жатыр» деп атқарылған жұмысты санмен сөйлетіп жатамыз. Әрине, жүргізіліп жатқан жұмысты жоққа шығарудан аулақпыз. Бірақ соңында әлгіндей жағдайлар орын алып жатыр. Жыл басынан бері 2 оқиға осындай олқылықты көрсетіп беріп отырған жоқ па?! Жасөспірімдердің, оның ішінде мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін жүйелі әрі үздіксіз жұмыстар атқарылуы тиіс. Оқушылардың түнгі уақыттарда қараусыз жүру, өзара қақтығыстары мен түсініспеушілік жағдайлары білім алуына кері әсер етеді. Осы орайда, оқушылармен жекелеген жұмыстарды күшейтіп, түсіндірме жүргізу, тәрбие сағаттары, ата-аналар жиналысы мен түнгі рейд шараларын сапалы өткізу керек. Сондай-ақ, педагогтарға педагогикалық әдеп ережелерін білуі және толық сақталуы керек. Мектеп директорлары мен білім бөлімі басшысы осыны қаперде ұстаныңыздар, – деп ескерту жасады аудан әкімі.

Сондай-ақ мәжіліс отырысында жасөспірімдер арасында орын алған келеңсіз жағдайларды талқылап, алдын алу және болдырмау шаралары бойынша ұсыныстар айтылды. Аудан әкімі жиында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді тыңдады. Соның ішінде аудан прокуроры осы секілді кеңейтілген отырысты қажет болған жағдайда тоқсан сайын өткізуге ұсынысын білдірді.
  • Қазіргі уақытта кенттегі 7 мектептің тыныс-тіршілігін, жөндеу жұмыстары, тасымал, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, асхана мен медициналық қызмет көрсету кабинеттерін барлығын тексеру үстіндеміз. Осы істі жүргізу барысында біршама жұмысқа қанық болдым, көзбен көрдім. Кей мектептің күрделі жөндеуден өткені кеше ғана, бірақ сапасы сын көтермейді. Жұмысқа қабылдау, орналасу жайында да шикіліктер бар. Мәселені жан-жақты талдап болған соң аудан әкімдігіне ұсыныс-пікірлерді жеткізетін боламын, – деді Мейрамбек Жаңбырбайұлы.

«Осы жиыннан соң әрбіріңіз мәселені жан-жақты зерделеп, ой елегінен өткізерсіздер деп сенемін. Ел болашағына бей-жай қарамайық, жерлестер» деп сөзін аяқтады аудан басшысы.

Иә, балаға бірінші кезекте ата-ана жауапты. Бірақ «қызым үйде, қылығы түзде» дегендей оған әсер етіп жатқан сыртқы факторды кейде байқамай жатамыз. Балалардың түнгі уақытта бей-берекет көшеде жүрмеуіне көңіл аударайық.  Себебі жаман әдеттің алдын алу үшін қоғам болып қарекет етуіміз қажет.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
 
27 қаңтар 2024 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 394

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930