» » Су ұңғымасын қазу жұмыстарын жүргізудің жоба-сметалық құжаттары талқыланды

Су ұңғымасын қазу жұмыстарын жүргізудің жоба-сметалық құжаттары талқыланды

Бүгін аудан әкімі Ж.Еркінбектің төрағалығымен ауданда су ұңғымасын қазу жұмыстарын жүргізудің жоба-сметалық құжаттарын талқылау бойынша мәжіліс өткізілді. Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы Ә. Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық қоғамдық кеңес төрағалары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мал шаруашылығы қожалықтарының өкілдері мен мердігер мекеме өкілдері қатысты.

Ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының негізгі саласы болып табылады.

Өңір халқының тыныс-тіршілігі сумен тығыз байланысты.

2019 жылдан бастап Сырдария өзенінің сулылығы табиғи жағдайға байланысты азайып келеді.

Осы бағытта, аудан әкімдігі тарапынан 2023 жылы кент, ауылдық округтерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 11 дана су ұңғымасы қазылып пайдалануға берілді.

Соңғы уақыттарда мал жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі байқалуда.

2024 жылға жайылымдық жерлермен шабындықтарды суландыру бағытында 6 елді мекен (Жосалы кенті, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл, Қармақшы ауылдық округтері) аумағынан 12 дана су ұңғымасын қазу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Су ұңғымалары қазылып мал суарылымы үшін пайдаланылатын болады. Қазу жұмыстары толық аяқталып, су шығарылған соң елді мекендегі төрт түлік малдың суарылымы үшін тиімділігі зор болмақ.

Мәжіліске қатысушылар тарапынан мердігер мекеменің өкілдеріне сұрақтар қойылып, күрделі әрі маңызды тақырыптар талқыланды.

Атаулы ұңғыма ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға мол мүмкіндік берері анық.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 қаңтар 2024 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930