» » Қытайлық азамат егіз қозы ғана төлдейтін тұқым шығарды

Қытайлық азамат егіз қозы ғана төлдейтін тұқым шығарды

Қытайлық азамат егіз қозы ғана төлдейтін тұқым шығарды
Қытайлық инвесторлар қазақтың Еділбай қойын өсіруге кіріседі.
Жобаны Синань қаласының тұрғыны Чжан Фань есімді азамат қолға алып отыр. Кәсіпкер бұл бастамаға әзірге 1 жарым миллион АҚШ долларын салды. Оған 5 қоражай мен мал төлдейтін кешеннің құрылысын аяқтап қойды. Таяуда Қазақстаннан 5 мың бас Еділбай қойын алдырмақ. Одан кейін қазақтың қылшық жүнді, құйрықты жануары жергілікті тұқымдармен будандастырылады. Қытайлық селекционерлердің бұл саладағы тәжірибесі мол. Олар Африка, неміс және қытай қойларын шағылыстырып, тек егіз қозы ғана төлдейтін тұқым шығарды. Инвестор Еділбайды асылдандырған соң, Қазақстандағы серіктестеріне қайта жөнелтеді. Өйткені мал жайылымда өсіп, экологиялық таза өнім беруі тиіс. Ал қазақстандық шаруалар өсірген қойларын нарықтағы бағадан қымбатқа сата алады. Чжан Фаньның айтуынша, таяуда Сианьға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысының орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жобамен танысып, қолдау болатынын айтқан.           
Чжан Фань, инвестор:
- Жобаны жүзеге асыруға сақадай сай отырмыз. Тек серіктестерімізбен келісімшартқа қол қойсақ болғаны. Қазақстанның вице-премьері және Ауыл шаруашылығы министрі Сианьға келіп, біздің инвестициялық жобамен танысып кетті. Сондықтан бұл іске жол ашылады деген сенім бар. Қазір Қазақстан жағы қойларды жөнелтуге дайын отыр. Ал біздің тарап оны кіргізуге рұқсатын берді. Бұйыртса, Қытайдың үлкен нарығында қазақстандық қойлардың етін сататын күн де алыс емес.
19 мамыр 2018 ж. 1 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031