» » Венесуэла ұлттық криптовалютаны айналымға шығарды

Венесуэла ұлттық криптовалютаны айналымға шығарды


Венесуэла ұлттық криптовалютаны айналымға шығардыВенесуэла үкіметі ұлттық криптовалютасын айналымға шығарды.
Биткойнның баламасы саналатын электронды ақшаны «Эл-петро» деп атаған. Әзірге бір петроның бағасы Венесуэла мұнайының бір барреліне тең. Яғни 60 АҚШ доллары тұрады. Осылайша Венесуэла ұлттық криптовалюта шығарған алғашқы мемлекетке айналды. Президент Николас Мадуроның айтуынша, бұл қадам долларға деген тәуелділікті азайтып, елді экономикалық дағдарыстан алып шығады. Сондай-ақ криптовалюта шет елдерден қаржы тартады. Ал сарапшылардың пікірінше, петроны айналымға шығарудың саяси астары бар. «Мадуро кез келген әрекет арқылы алдағы сәуірде өтетін президент сайлауында жеңіп шықпақ ниетте», – дейді олар.
Николас Мадуро, Венесуэла Президенті:
– Венесуэла криптовалютаны ең бірінші болып айналымға шығарды. Біз жиырма бірінші ғасырдың жаңашылдығына бейімделіп келеміз. Қазірдің өзінде 596 миллион еуро, 735 миллион доллар пайда таптық. Алдағы уақытта петроның құны шарықтайтынына сенімдіміз.
21 ақпан 2018 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031