» » Бокс: Қазақ арулары Сербиядағы халықаралық турнирде бақ сынап жатыр

Бокс: Қазақ арулары Сербиядағы халықаралық турнирде бақ сынап жатыр

Сербияның Сомбор қаласында өтіп жатқан «Ұлттар кубогы» дәстүрлі халықаралық турнирінде Қазақстан арулары алғашқы айқастарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған додада бірінші болып шаршы алаңға шыққан әлем чемпиондары Дина Жоламан, Ләззат Күнгейбаева және Азия ойындарының финалисі Жайна Шекербекова алғашқы қарсыластарын ұтып, келесі айналымға өтті. 54 келі салмақта Дина Жоламан отандасымыз Гүлмира Байманованы 5:0 есебімен айқын ұтса, 51 келіде Жайна Шекербекова грекиялық Коцугерпопулудан 3:2 есебімен басым түсті. Ал Ләззат Күнгейбаева өзінің ұлттық құрамадағы командаласы Үміт Садықованы 4:1 есебімен жеңді.
14 қаңтар 2018 ж. 1 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 280
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930