» » Қытайлық туристер арасында Қазақстанға деген қызығушылық артты

Қытайлық туристер арасында Қазақстанға деген қызығушылық артты

Мамырдың 1-14-і аралығында Қытайдың Сиань және Чэнду қалаларында Алматы облысының туристік мүмкіндігі таныстырылады. Екі елдің компаниялары b2b форматында келіссөз жүргізуі тиіс. Қазір еліміздің көрікті жерлерін насихаттау алыс жақын шет мемлекеттерде белсенді жүзеге асуда. Мәселен, таяуда қытайлық бір топ блогер Қазақстанға келіп, Астана, Алматы қалаларын аралап қайтты. «Таңғажайып табиғат, Бурабайдың бөктері және Алатаудағы шаңғымен сырғанау кешені саяхатшылар тарапынан өте үлкен қызғушылық тудырды», – дейді бір миллионнан астам оқырманы бар Цянь Фань. Фань қытайлық туристер іргедегі елдің тарихын енді біліп келеді. Сондықтан ақпараттық насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізу керектігін айтады. Цяннің оқырмандары негізінен Шымбұлаққа барып шаңғы тебудің жолын көп сұрастырыпты. Блогер «Қазақстанның туристік әлеуеті өте зор. Өйткені қытайлық саяхаттаушылар үшін арзан, әдемі, әрі өте қолайлы», – дейді.  Цянь Фань, блогер саяхатшы: - Он күн Қазақстанда болғаным маған тамаша әсер қалдырды. Әсіресе ғажайып табиғаты, қонақжай халқы, дәмді тағамдары әлі есімде. Алматының Шымбұлағына шыққандағы сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көркем табиғат, қол созымда жүрген ақшабұлттар кімге де болсын керемет сезім сыйлайды. Қазір жүрген жерімде елдеріңізді насихаттап жүремін. Жазда тағы бір мәрте Қазақстанға баруды жоспарлап отырмын.

06 мамыр 2018 ж. 1 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 883
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 593

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930