Қармақшылықтар жаңа жылды қарсы алды
Аудан үшін мәуелі жыл болған 2023 жылды қорытындылау кешінде аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы аудан тұрғындарын арнайы құттықтап, жүрекжарды лебізін білдіріп, халықпен бірге болып, қуанышты сәттерге куә болды.
"Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Биылғы жыл ауданымыз үшін тарихи жыл. Себебі, қойнауынан 100 жырау мен 1000 палуанды түлеткен қасиетті мекеніміз Қармақшы ауданының құрылғанына 95 жылдық мерейтойын жоғары деңгейді атап өттік. Ғасырлар тоғысындағы туған жерімізге 2023 жыл толайым табыстар мен мол жетістіктер сыйлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ауқымды жұмысты бастадық. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, әлеуметтік сала нысандарын және жолдарды жөндеу бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылып, тұрғындардың өмірі сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады. Ол үшін бізге тек қана ауызбіршілік пен тұрақтылық керек"- дей ортақ шаңырағымыз Отанымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша Қармақшылықтарды үлкен үміттер мен ізгіліктерді күтетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.