» » Аудан әкімі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Құрметті қармақшылықтар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құт­тықтаймын. Өткен жылды қоры­тындылап, атқарылған істі сараптайтын, алдағы жылға жаңа жоспарлар жасап, жаңа міндеттер белгілейтін кезеңде баршаңызға табыс тілеймін.
Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. 2021 жыл аудан халқы үшін берекелі де жемісті жыл болды.
Аудан экономикалық дамуының жетекші саласы – ауылшаруашылығы жыл сайын өркендеп, өсіп келеді. Биылғы жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша Қармақшы ауданы облыстағы «Үздік аудан» атанды. Кәсіпкерлік дамып, жол, құрылыс саласында едәуір ілгерілеушілік байқалды.
– Жосалы кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарту желілерінің құрылысы толығымен аяқталып, қазіргі таңда ауданда 1500-ге жуық тұрғын үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. 40-тан астам кәсіпкерлік және 8 әлеуметтік-мәдени нысандар газға қосылған.
– Қыс-жаз мезгілдерінде балалар тынығуға арналған лагерь құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге дайындалып жатыр.
– Жосалы кентінен көпбалалы отбасыларға арналған 10 тұрғын үй салынып, табысталды.
Буыны бекіген, іргесі нығайған жас та Тәуелсіз еліміздегі сияқты біздің ауданда да татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қағидасы қалыптасқан. Осы ымырашылдық бізге кез келген қиындықты жеңуге септігін тигізуде.
Жаңа мақсаттар мен жаңа жоспарлар баршаңызға жақсы жетістіктер мен кәсіби табыстар әкеліп, Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тәтті тұрмыс, мол жақсылық сыйласын.

Ізгі ниетпен аудан әкімі
Қайрат Нұртай

01 қаңтар 2022 ж. 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 873
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30