» » Білім саласы бойынша жыл қорытындыланып, үздіктер марапатталды

Білім саласы бойынша жыл қорытындыланып, үздіктер марапатталды


Биылғы 2023 жыл ауданымызда білім саласы үшін нәтижелі жыл болды. Осы орайда, жарқын жетістіктер мен нәтижелі еңбекті мадақтап, қолдау мақсатында Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі және аудандық білім кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы - 2023» жаңа жылдық кеш өткізілді.

Жиынға Қармақшы ауданы әкімі Ж.Еркінбек, аудан ардагерлері төрағасы А.Мереков, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов және де білім саласының ардагерлері, «Жыл үздіктері», білім беру саласындағы нәтижелі еңбегі үшін ұстаздар қауымы мен білім беру ұйымында әлеуметтік әріптес ретінде бірлесе жұмыс атқарып жүрген сала мамандары және аудан кәсіпкерлері қатысып, мерекелік кештің төрінен көрінді.

Биыл Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жыл қорытындысына сәйкес ауданымыздың білім ордалары үздік деп танылды. Олар "Озық идеялар мен технологиялар ордасы" номинациясы бойынша №279 мектеп-лицейі, "Үздік әлеуметтік әріптес" номинациясы бойынша №99 орта мектебі, "Ынтымағы жарасқан ұжым" номинациясы бойынша №19 "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы" марапатталды.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Ж.Еркінбек алғы сөз алып, білім саласында еселі еңбек етіп жүрген білім саласының майталмандарын марапаттады. «Еңбек ардагері» төсбелгісімен ардагер ұстаз Бөлтірікова Гаухар Сабиханқызы, «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен ардагер ұстаз Тілеуғабылова Жұмагүл Қосжанқызы, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен білім беруді дамыту секторының бас маманы Бахадурова Назен Уалиханқызы, «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен №272 орта мектеп директоры Оспанова Мира Тобжанқызы марапатталады.

Аудан әкімінің жыл қорытындысы бойынша «Жыл таңдауы -2023» наминациясымен Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы, «Ынтымағы жарасқан ұжым -2023» номинациясымен Ш.Уалиханов атындағы №26 орта мектебі, «Шығармашылық ұжым -2023» номинациясымен №85 орта мектебі, «Үздік ауыл мектебі- 2023» номинациясымен №107 орта мектеп, «Үздік әлеуметтік әріптес -2023» номинациясымен №108 орта мектеп, «Жаңа идеялар жаршысы-2023» номинациясымен №22 "Гаухартас" бөбекжай – бақшасы, «Шығармашылық ұжым -2023» номинациясымен №4 "Күн -нұры" бөбекжай – бақшасы, «Өнерлі ұжым-2023» номинациясымен №1 санаториялық бөбекжай-бақшасы марапатталды.

Сонымен қатар білім беру ұйымдары бойынша биылғы оқу жылы барысында нәтижелі жетістікке жеткен бірқатар ұстаздар қауымы мен білім мекемелеріне қай кезде де қолдау білдіріп, демеушілік таныта білетін ауданымыздың бетке ұстар кәсіпкерлеріне құрмет көрсетіліп, білім бөлімі басшысының алғыс хаты ұсынылды.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз. Әрқашан мерейлеріңіз үстем болсын! Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!

27 желтоқсан 2023 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30