» » Жыл таңдауы 2023: Аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық кеш өтті

Жыл таңдауы 2023: Аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен жаңа жылдық кеш өтті


qarmaqshy-tany.kz Аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы 2023» жаңа жылдық қорытынды кеші болып өтті. Мерекелік салтанатқа аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысты. Білім саласындағы әртүрлі бағыт бойынша білім, спорт, өнер, бәйгелерінен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарған шәкірт жанының бағбаны болған ұстаздарға алғысын білдіріп, бірқатар сала ардагерлері мен ұстаздарға марапаттар табыстады.

Осы ретте жыл қорытындысына сәйкес ауданымыздың білім ордалары облыста үздік деп танылды. Олар "Озық идеялар мен технологиялар ордасы" номинациясы бойынша №279 мектеп-лицейі, "Үздік әлеуметтік әріптес" номинациясы бойынша №99 орта мектебі, "Ынтымағы жарасқан ұжым" номинациясы бойынша №19 "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы деп танылған болатын.

Ұлтқа қызмет етуді ұстынына балаған ұлылықтың басындағы ұлағат иелері ұстаздардың шәкірт бойына жаққан сәулесі мәңгілік маздасын! Жаңа жыл ауданның білім саласына толағай табыстармен жетсін!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Біздің FacebookInstagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! 
26 желтоқсан 2023 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930